Жәңгір хан университетінің 2024-2025 жылғы түлектеріне дипломдары салтанатты түрде табысталды.
Салтанатты іс-шара барысында басқарма және институт басшылығы, профессор-оқытушылар түлектерді құттықтап, оларға ақ жол тіледі. Университет қабырғасында аграрлық, ветеринарлық, техникалық, құрылыс, машина жасау, көлік сервисі, IT, экономика салалары бойынша түрлі мамандықтарды игерген түлектердің еліміздің дамуына өз үлестерін қосарына сенім білдірді.
Университет түлектеріне дипломмен қоса қоғамдық жұмыстардағы белсенділіктеріне байланысты «Мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастыру және басқару менеджері», «Қоғамдық жаттықтырушы», «Сервис менеджері», «Мәдениет және өнер саласындағы көркемдік арт-менеждер» сынды куәліктер берілді. Талапты, жан-жақты түлектер мен олардың ата-аналары ректордың және институт директорларының атынан алғыс хаттармен марапатталды.
Жалпы биыл Жәңгір хан университетін бакалавр деңгейі бойынша 1000-нан астам студент бітіргелі отыр. Олардың 70-ке жуығы – үздік диплом иегерлері. Сонымен қатар магистратура деңгейінде 80-нен астам білім алушы диплом алды.


