«Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп жыл сайын қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингін өткізеді.
Рейтингтің негізгі критерийлері – түлектердің мансаптық перспективалары (52%), білім беру бағдарламасының сапасы (41%) және білім алушылардың жетістіктері (7%) болып табылады. Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингі жұмыс берушілер мен түрлі салалардағы сарапшылардың бағалау нәтижелері бойынша айқындалады. Жәңгір хан Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті жыл сайын осы рейтингке қатысады. 2022 жылы университеттің 30 білім беру бағдарламасы «Атамекен» ҰКП рейтингіне қатысып, оның ішінде 9 БББ (30%) көшбасшылардың бірінші үштігінде.