Тігін фабрикасының жұмысымен танысты

Кеше университетіміздің «Менеджмент» мамандығының БМУ-31 топ студенттері «Диана» Орал тігін фабрикасында болды.

«Өндірістік менеджмент» пәні бойынша практикаға бағытталған өндірістік процесті зерттеу сабағын доцент Б.М.Хусаинов ұйымдастырды. Тігін фабрикасының басшысы Асылхан Орынбеков студенттерге өндірістік процесті толық көрсетті. Оның ішінде басқару функцияларын, жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау функцияларын таныстырды.

Кәсіпорында 34 тігінші, 1 цех шебері және 3 бригадир жұмыс атқаруда. Тігіншілер 3 бригадирдің тапсырмаларын орындау кезінде өндірістік процестің барлық элементтерінен өтеді. Практикалық кездесу барысында цех шебері Г.Мусина арнайы киім тігудің кезеңдері мен сатыларын түсіндірді.

Практикаға бағытталған сабақтың жетекшісі болашақ менеджерлер үшін өндіріс орнындағы тәжірибе процесінің маңызы зор екендігін атап өтті.

Мұхаммед-Әли ҚУАНЫШКЕРЕЙБМУ-31 тобының студенті

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу