Технологияларды коммерцияландыру және бизнес-инкубациялау кеңсесінің жетекшісі Гүлшат Айешева 12-13 маусым аралығында институттардың технологияларын коммерцияландыруға жауапты 17 оқытушы үшін технологияларды коммерцияландыру бойынша оқыту семинарларын өткізді.
Оқыту семинарларын өткізу барысында технологияларды коммерцияландыру кезінде ескеру қажет негізгі аспектілер қамтылды. Технологияны коммерцияландыру кезеңдері мен механизмдеріне ерекше назар аударылды. Зияткерлік меншік объектілерін басқару бойынша ұсыныстар берілді. Іскерлік байланыстарды жолға қою және нарықта ҒҒТҚН ілгерілету, кәсіпорындардың нақты проблемаларының технологиялық шешімдерін іздеу және табу бойынша бизнес субъектілерімен әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды. Семинарға қатысушылар коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурстардың шарттары мен талаптарын, осы конкурстарға қатысу үшін өтінімді қалай дайындау керектігін білді. Егер семинардың бірінші бөлімі технологияларды коммерцияландырудың теориялық аспектілеріне көбірек арналса, екінші бөлімде қатысушылар нақты жобаларды іс жүзінде талдауға мүмкіндік алды және жоба тұжырымдамаларын толық негіздеу бойынша құнды кеңестер алды.
– Қазіргі әлемде табысты коммерцияландыру ғылыми және инновациялық әзірлемелерді қоғамға пайда әкелетін және экономикалық өсуге ықпал ететін нақты өнімдер мен қызметтерге айналдыруда шешуші рөл атқарады. Бүгінгі таңда біз әзірлеп жатқан технологиялардың сұранысқа ие болатынына көз жеткізу үшін әлеуетті клиенттердің нарығы мен қажеттіліктеріне мұқият талдау жүргізу, сондай-ақ бизнестің нақты технологиялық сұраныстарын іздеуді жүзеге асыру және қажетті ғылыми-технологиялық шешімдерді табу және әзірлеу үшін орындаушылар командаларын қалыптастыру міндеті тұр, – деп атап өтті Гүлшат Амангелдіқызы.