11 наурыз бен 11 сәуір аралығында Цифрлық экономика және тұрақты даму институтында Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің доценті, PhD Фозилжон Эргашұлы Саитқұловтың дәрістері өтті.
Сабақтар академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Өнеркәсіптік экология» білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттарына арналды. Дәрістер барысында білім алушылар экологиялық қауіпсіздік, парниктік әсер, сондай-ақ қалдықтары аз технологияларды әзірлеудегі салалық экологиялық аспектілер бойынша білімдерін тереңдетті. Оқыту үдерісі теориялық және практикалық бағытта ұйымдастырылып, аграрлық және өнеркәсіптік секторлардағы қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жаратудың өзекті мәселелері бойынша белсенді пікірталастармен толықтырылды. Сабақтарда «виртуалды зертхана» әдісі мен ChemDraw Ultra бағдарламалық қамтамасыз етуі сияқты заманауи құралдар тиімді қолданылды.
Өткізілген дәрістер білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға, экологиялық менеджмент саласындағы білімдерін кеңейтуге, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, талдау және жүйелі ойлау дағдыларын қалыптастыруға елеулі үлес қосты.
