Жәңгір хан университетінде «Тәуелсіз елдің еркіндігі» тақырыбында танымдық шара өтті.
Оған Цифрлық экономика және тұрақты даму институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жаннар Гумарова және оқытушылар, «Өнеркәсіптік экология» білім беру бағдарламасының білім алушылары қатысты. Шараның мақсаты – білім алушыларға тәуелсіз елдің еркіндігі мен оның маңызын түсіндіру, отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру, ел тарихын құрметтеуге және тәуелсіздікті қадірлеуге тәрбиелеу.

