Жәңгір хан университетінде «100 кітап» республикалық жобасы аясында Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романын талдау сағаты өтті.
Университеттің «Парасат» ақпараттық білім беру орталығы мен Тілдерді дамыту орталығы бірлесе ұйымдастырған әдеби кеш Алаш қайраткері, ақын, жазушы М.Дулатовтың 140 жылдығына орайластырылды. Студенттер шара барысында қазақ әдебиетіндегі алғашқы роман «Бақытсыз Жамал» туындысының жазылу тарихымен және шығарма авторының өмір жолымен танысты. Сонымен қатар «Бақытсыз Жамал» спектаклінен үзінділер ұсынылып, кітап пен қойылым нұсқасын салыстыру арқылы талқылады. Кеш соңында сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін білдірді.
М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы – «100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасының қорытындысы бойынша таңдалған шығармалардың бірі.

