Жәңгір хан университетінің білім алушылары арасында «Студенттік лига-2024» спартакиадасы өтуде.
Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық шараға қатысушылар волейбол, баскетбол, футбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, қол күресі, арқан тартыс ойындарынан өзара сынға түседі. Бес институттың командалары қатысатын спартакиада 29 наурызға дейін жалғасады.
Күні бүгінге дейін өткен шахмат, тоғызқұмалақ, баскетбол ойындарына командалар белсенділікпен қатысты. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!