Жәңгір хан университетінде студенттік ғылыми үйірмелер жәрмеңкесі өтті. Іс-шараның басты мақсаты – оқу орнында ғылымды дамыту, өз кезегінде, оқу аяқталғаннан кейін маңызды ғылыми міндеттерді өз бетінше шешуге қабілетті мамандарды даярлау сапасын арттыру. Университеттің Ғылым басқармасы ұйымдастырған бұл жәрмеңкеге 1-3 курс студенттері қатысты. Жәрмеңке барысында студенттерге әр үйірменің еңбектері мен жетістіктері ұсынылды.
Қазіргі уақытта университетте 22 ғылыми үйірме жұмыс істейді.