Студенттер тігін фабрикасында болды

Кеше Жәңгір хан университетінің «Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру» институтының «Менеджмент» мамандығының БМУ-31 тобының студенттері тігін фабрикасында болып қайтты.

Болашақ менеджерлер «Диана.Орал тігін фабрикасы» ЖШС басшысы Асылхан Орынбековпен кездесіп, теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, кәсіпорын экономикасымен танысты.Асылхан Амангелдіұлы өзінің жылдар бойы жинақтаған тәжірибесімен бөлісіп, студенттердің тың идеялары мен ұсыныстарын тыңдады.

 Сонымен бірге білім алушылардың сауалдарына жауап берді. Кездесуді «Өндірістік менеджмент» пәнінің оқытушысы, доцент Б.Хусаинов ұйымдастырды.

МҰХАММЕД-ӘЛИ ҚУАНЫШКЕРЕЙ

БМУ-31 ТОБЫНЫҢ СТУДЕНТІ

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу