16 қыркүйек күні «Мұнай, газ және химиялық инженерия» жоғары мектебінің тәрбие ісі жөніндегі эдвайзері Айнагуль Абдыгалиеваның ұйымдастыруымен облыстық деңгейдегі шара оздырылды. «Жайық – Ана, Жайық – Елім, Отаным» атты социалды экологиялық жобаның бастауымен студенттерге табиғатты аялау, қорғау мақсатында тазалық күні өткізілді. «Халықаралық тазалық күні» аясында өткізілген шараға «БҚО бойынша экология департаменті», «КПО б.в.» компаниясы, «БҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу» басқармасы, «Индустриалды технологиялық» институтының «Мұнай, газ және химиялық инженерия» жоғары мектебінің профессор-оқытушылар құрамы және «Пайдалы қазбалар кенорындарын геологиясы және оларды барлау» білім беру бағдарламасының 2 курс білім алушылары қатысты. Шара барысында АҚ «БҚМҚ» мекемесі айналасы, Жайық өзені жағалауы қоқыстан тазартылды.
Студенттер тазалық шарасына атсалысты
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
- Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
- Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
- Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
- Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу