5 қазан күні «Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы» институтының ВТ-35, ВТ-32, ВТ-41, ВТ-42, ВМ-52 топтарының студенттері доцент Рашид Кармалиев, аға оқытушы Фарида Нуржанова, доцент Абзал Кереев, аға оқытушы Ербол Сенгалиевпен бірге Бәйтерек ауданының «Ильяс групп» ШҚ-да практикаға бағытталған сабақта болды.
«Ішкі жұқпалы емес аурулар клиникалық балаумен», «Ветеринарлық фармакология», «Акушерлік және гинекология», «Хирургия», «Паразитология» пәндері бойынша өткен тәжiрибелiк сабақта студенттерге ірі қара малының бекіту әдістері, дәрілік заттарды енгізу жолдары көрсетілді. Сонымен қатар, білім алушылар клиникалық зерттеулер бойынша тәжiрибе алып, хирургиялық жараларды емдеді, ректальды зерттеу жүргізіп, мастит және гиподерматоз ауруын анықтады.