Студенттер салауаттылықты қолдайды

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде жылдағы дәстүрге сай 1-курс студенттері арасында «Сергек бол!» спорттық іс-шарасы өтті.

Спорттық іс-шараның салтанатты ашылуында сөз алған университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов шараның маңызына тоқталып өтті. Сондай-ақ  биыл студенттер қатарын толықтырған жастардың барлық іс-шараларға белсенді атсалысарына сенім білдірді. Іс-шараға қатысқан Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Артур Шерғалиев Жәңгір хан университетінде байрақты бәсекелерде облыс намысын қорғап, топ жарып жүрген спортшы студенттер тәрбиеленіп жатқанын атап өтті. Студенттер «AulaFit» спорттық жобасының жаттықтырушысы Жәмила Төлеуғалиевамен бірге таңғы жаттығу жасаса, «Ерке-Нұр» би ансамблінің бишілерімен бірге еркін жаттығу жасап бой сергітті. Университеттің өнерлі жастары спорттық шараны әсем әндерімен көркемдеді. Бұдан әрі іс-шара «Жәңгір хан» спорт кешені ұйымдастырған спорттық жарыстармен жалғасты.

Аталмыш спорт клуб директоры Руслан Қуановтың айтуынша, білім ордасында бес спорт шебері, 50 шақты спорт шеберлігіне үміткер, 100 шақты түрлі разрядтағы спортшылар білім алуда.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу