3-4 қараша күндері 6В07101 – Электрмен жабдықтау білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне «Орал трансформатор» зауытының базасында «Электр машиналары» пәні бойынша тәжірибелік-бағдарлы сабақтар өткізілді. Оқытушылар Д.А., Джапарова, А.А. Қанатбаев трансформаторлар, жұмыс принципі және кернеуді түрлендіретін электр машиналарының конструкциялық ерекшеліктері туралы айтты.



