Студенттер өндірістік нысандарға барды

Жәңгір хан университетінің «Өнеркәсіптік экология» білім беру бағдарламасының 3 және 4 курс білім алушылары, «Мал шаруашылығы және биоресурстар» Жоғары мектебінің оқытушылары Бибинур Губашева, Гульдана Каиргалиева және Эльмира Аккерееваның жетекшілігімен жасыл сутекті өндіру технологиясымен танысу үшін Ақсай қаласындағы өңірлік EcoHab және Green Leader-мен бірлесіп Demtec Solutions және “GREEN SPARK LIMITED” ЖШС тамақ қалдықтарын қайта өңдеу бойынша өндірістік объектілерге барды.

Экскурсия барысында DEMTEC Solutions ЖШС директоры Б. Сейтжанов компанияның қызметі туралы айтып, тамақ қалдықтарын қайта өңдеу технологиясымен және олардан вермикомпост алу технологиясымен таныстырды. Оқушылар қалдықтарды қайта өңдеудің барлық кезеңдерімен танысты.

“GREEN SPARK LIMITED” ЖШС Бас директорының орынбасары Мишель Риналди жасыл сутекті пайдалану перспективалары туралы айтты. FIRST MOLECULE Project атты пилоттық жоба аясында Қазақстанда жасыл сутектің алғашқы өндірісі құрылды.

Кездесу экологиялық және энергетикалық менеджмент жүйелері бойынша ҚР Мемлекеттік Техникалық реттеу жүйесінің сарапшысы, өңірлік “EcoHab” басшысы М.Н.Елемесова @maralpartner қолдауымен ұйымдастырылды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу