Студенттер мал сою бекетінде болды

«Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы институтының» «Ветеринарлық және биологиялық қауіпсіздік» жоғары мектебінің аға оқытушысы Зухра Айтпаева «Батыс адал Ет» ЖШС сою пунктінде «Ветеринариялық-санитариялық сараптама» пәні бойынша ВТ-42 тобының студенттеріне «Мал мен құсты союға дайындық, оларды сою алдында тексеру» тақырыбында практикаға бағытталған сабақ өткізді.

Сабақ барысында топ студенттері ветеринариялық тексеруді жүргізуді үйренді, мал союға және өңдеуге дайындықтың технологиялық процесін зерттеді (есінен таңдыру және қансыздандыру, терісін сыпыру, бас және аяқтарын бөлу, нутровка (ішкі мүшелерден босату), ұшаны бөлу, тазалау, етті өлшеу және сапасын бағалау).

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу