Студенттер «ҚазСтандарт» ұйымында болды

«Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары» жоғары мектебінің ПБ-31 топ студенттерінің «Азық-түлік өнімдерін стандарттау және техникалық реттеу» пәнінен практикаға бағытталған сабағы «ҚазСтандарт» ұйымында өткізілді.

Ұйым басшысы Ұлан Ерікұлы Молдағанов пен жетекші маманы Айман Мақсотқызы Удишева ұйымның құрылуымен және жұмыс жасау барысымен таныстырып, соның ішінде нормативті құжаттарды актуализациялау, цифрлық электронды кітапхана қалай жұмыс жасайтынын студенттерге баяндады. Бас метролог Қанат Ертұрғанов «ҚазСтандарт» базасындағы эталондармен таныстырып, жұмыс жасау үрдісін көрсетті. Тәжірибелік сабақты «Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары» жоғары мектебінің оқытушысы А.Рысқалиева өткізді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу