«Ветеренария және агротехнология» институтының доцент м.а., PhD докторы Зәмзәгүл Амангелдіқызы «Green City М. Гүлнара бақша орталығы» жеке кәсіпкерлігінде 6В08301-Ландшафтық дизайн білім беру бағдарламасының 3-курс білім алушыларына «Ландшафтық дизайн» пәні бойынша 2-семестрде кестеге сай практикаға бағытталған сабақтар өткізуде.
Студенттер үшін «Ландшафтық дизайн» пәні бойынша тәжірибені теориямен ұштастыру аса маңызды. Осы мақсатта сабақтар Green City бақ орталығында өткізіліп, студенттерге табиғи ортада нақты ландшафтық элементтермен жұмыс жасауға мүмкіндік берілді. Практика барысында студенттер өсімдік түрлерімен танысып, олардың биологиялық ерекшеліктері мен ландшафтық маңызын зерттеді.
Сабақтар келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
- Декоративтік өсімдіктердің түрлерін анықтау және сипаттау;
- Функционалдық аймақтарды жобалау әдістерін үйрену;
- Эстетикалық композициялар құру;
- Топырақ құрылымы мен жарықтандыруды ескере отырып, өсімдіктерді дұрыс орналастыру;
- Бақ орталығы мамандарынан тәжірибелік кеңестер алу.
Практикалық жұмыстар топпен және жеке орындалды. Әр студент өзіне берілген аумаққа шағын жоба жасап, өсімдіктерді композициялық үйлесіммен орналастырып, олардың қызметін (күннен қорғану, көлеңке беру, эстетика, иіс шығару, т.б.) түсіндіріп берді.
Нәтижелері:
- Студенттер теориялық білімін нақты ортада қолдана алды;
- Жобалау және сызба жасау дағдылары нығайды;
- Өсімдік түрлерін анықтау қабілеті артты;
- Табиғи материалдармен жұмыс істеу тәжірибесі алынды;
- Эстетикалық көзқарас қалыптасты.

