Кеше «Мал шаруашылығы және биоресурстар» жоғары мектебі доценті Б.Е. Губашева және аға оқытушы Г.З. Идрисова 6В05200 – «Өнеркәсіптік экология» білім беру бағдарламасы бойынша ПЭ-31, 32 топ білім алушыларымен «Өнеркәсіп қалдықтарын басқару» пәні бойынша «Green Service Company» ЖШС-нің тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау цехы және полиэтилен қалдықтарын кәдеге жарату цехы жағдайында практикаға бағытталған сабақ өткізді.
Сабақ барысында кәсіпорын бригадирі білім алушыларға қалада түзілген тұрмыстық қатты қалдықтарды қабылдау цехынан бастап, оларды түрлерге (пластик, шыны, қағаз, алюминий және т.б.) сұрыптап, бөлек-бөлек қаптап, қайта өңдеуші кәсіпорындарға қайталама шикізат ретінде тапсырылатынын, ал қайта өңдеуге келмейтін қалдық түрлерін полигонға орналастырылатынын атап көрсетті. Сонымен қатар, осы кәсіпорын жағдайында полиэтилен қалдықтарынан брусчатка төсемдерін өндіру цехының жұмысымен таныстырды.