СПбПУ-дегі ғылыми тағылымдама

Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіптік білім беру институтының ғалымдары Эльвира Рустенова мен Айжан Ибыжанова «Бизнес-процестердің тұтынушылардың өзгеріп отыратын талаптарына және әлемдік экономикалық конъюнктураға бейімделуін ескере отырып, агроөнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрлық трансформациялау модельдерінің кешенін әзірлеу» жобасы аясында Ұлы Петрдің Санкт-Петербург политехникалық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

Санкт-Петербург – Ресей Федерациясының ең ірі, ғылыми, білім беру және инновациялық қызметте даусыз нәтижелерімен, жетістіктерімен мықты ғылыми мектептері бар техникалық ЖОО-ның бірі. Университет әлемдік деңгейдегі «Озық цифрлық технологиялар» ғылыми орталық ретінде позицияланған.

Тағылымдама барысында агроөнеркәсіптік сектордағы ұйымдастырушылық реинжиниринг және цифрлық трансформация тақырыптары бойынша дәрістер мен семинарлар, кейс-стади және «Әлеуметтік-экономикалық жүйелерді модельдеу және цифрландыру» зертханасының ғылыми қызметкерлерімен талқылаулар ұйымдастырылды, Санкт-Петербургтегі және оған іргелес өңірлердегі жетекші агроөнеркәсіптік кәсіпорындар мен зертханаларға экскурсиялар, бизнес өкілдерімен цифрлық технологияларды енгізу тәжірибелерін зерттеу үшін кездесулер өтті. Сонымен қатар біздің оқытушылар «GDTM-2024: нарықтардың цифрлық трансформациясының жаһандық сын-қатерлері» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысты.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу