СОЛТҮСТІК-БАТЫС АУЫЛ ЖӘНЕ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМА

ЖТН АР23486846 «Жабайы жануарлар (ақбөкендер) популяцияларының ауыл шаруашылығына әсерін экономикалық бағалау және одан келген зиянды азайту жолдары» жобасын орындаушылар доцент, э.ғ.к. Г. А. Айешева және аға оқытушы, э.ғ.м.  К. У. Нұрсапина оны іске асыру шеңберінде Қытай Халық Республикасындағы Солтүстік-батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.  Бұл тарихы бай және ғылыми-білім беру қызметінде ерекше жетістіктері бар ірі жоғары оқу орыны.

Бірлескен ғылыми-зерттеу қызметі және экологиялық мониторингке, табиғи ресурстарды басқаруға және тұрақты ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға заманауи тәсілдер бойынша Семинардың жұмысына қатысу, сондай-ақ Янлиндегі 31-ші Қытайлық ауыл шаруашылығының жоғары технологиялары Көрмесі – бұл жобаға қатысушылар делегациясының Қытай университетіне сапарының негізгі мақсаттары, деп атап өтті доцент, э.ғ.к. Г. А. Айешева. 

Жоба жетекшісі, доцент, э.ғ.к. А. М. Қазамбаеваның айтуынша, ынтымақтастықты одан әрі дамыту жоспарлануда және болашақта Қытай ғалымдарының біздің университетке осы салада халықаралық білім және тәжірибе алмасу үшін сапары жоспарлануда.

Бұдан әрі қытайлық әріптестермен бірлескен жұмыстар бағытында: халықаралық ғылыми-практикалық семинарларды ұйымдастыру, ғылыми еңбектерді бірлесіп баспадан шығару және т. б. жұмыстар жоспарлануда.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу