Шетелдік жастармен өткен іс-шара

Мамыр айында  Тілдерді дамыту орталығының  шетел тілі пәні оқытушылары «Friendly people-friendly languages» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды. 

Оған Өзбекстаннан келіп оқып жатқан 1-курс студенттері қатыстырылды. Олар  әрбір халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін көрсете білді. Тіл – халықтың тарихы, мәдениеті мен өркениетке қол жеткізудің кілті, халықтар арасындағы достық, бірлік және келісім тірегі. Іс-шара мақсаты – студенттерді мемлекеттік және басқа да тілдерді үйренуге, тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейтуге, тіл байлығын дамытуға ынталандыру,  ағылшын тілі туралы білімдерін жандандыру және кеңейту, тілдерге сүйіспеншілік пен қызығушылыққа, төзімділікке, достық пен өзара түсінушілікке тәрбиелеу. Іс-шара барысында сөз алған шетелдік жастар өз ойларын ортаға салып, ағылшын тілі мен мәдениетінің маңыздылығын сөз етті. Студенттер шара барысында қазақ, орыс, ағылшын, өзбек тілдерінде ән-тақпақтар мен жырларын  арнады.  Атап айтсақ, Йигиталиев Шахбозбек, Умарова Алина,  Курбоналиев Сардорбек, Камолхонов Шерзод, Мухсинбаев Азизбек, Утаев Абдинаиб, Баходиров Нурилло,Уткиров Мехриддин белсене қатысты.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу