Шетелден білімін жетілдіріп келді

«Халықаралық ынтымақтастық» бөлімінің жетекші маманы Ерасыл Дулатбай ағымдағы жылдың 15 маусымы мен 9 шілдесі аралығында Иерусалим қаласындағы (Израиль) Хиброу университетінде білім беру курсынан өтіп келді. Нақты айтқанда, курстың тақырыбы «Болашақтың тамақтануы: жаһандық өзгерістер кезіндегі тамақ қауіпсіздігі және технологиясы» деп аталды.

– Біз оқу барысында ересек адамның рационындағы тағамдық қоспалардың есебін, Еуропа елдерінің стандарттары мен заңнамасын, тамақ өнімдерінің биологиялық және химиялық қауіптерін, жарамдылық мерзімі мен таңбалау талаптарын зерттедік. Курс соңында жобалар қорғадық. Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Осындай мүмкіндік үшін Жәңгір хан университетіне, Израиль елшілігіне және іс-шараны ұйымдастырған «Машав» бағдарламасына алғысым шексіз, – дейді Ерасыл Алтайұлы.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу