Самғай бер, Самғат!

Жәңгір хан университетінің студенті Самғат Шабдан панкратионнан Қазақстан Республикасының Кубогында 2002-2003 жылғы спортшылар арасында 66 келі салмақ дәрежесінде спорттық шеберлігін көрсетіп, 1-орынды жеңіп алды.

Еске сала кетсек, аталған спорт түрінен кадеттер, жасөспірімдер және ересектер арасындағы ел Кубогі ағымдағы жылдың 17-19 қыркүйек күндері Орал қаласында өткен болатын.

Осы жарыста жеңіс тұғырынан көрінген Самғатты құттықтап, әлі талай дүбірлі додаларда топ жаруына тілектеспіз.

📚 Loading…