Білім алушылар мұнай өнімдері зертханасына барды

10 қазан күні «Мұнай және газды өңдеу» мамандығы бойынша «Мұнайгаз өңдеу өндірісін технологиялық-химиялық бақылау» пәні бойынша НГДП-41 тобының студенттерімен практикаға бағытталған сабақ «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Батыс Қазақстан филиалы мұнай өнімдері зертханаларында өткізілді.

Практикаға бағытталған сабақ барысында «НАЦЭКС» АҚ жетекші инженер-технолог Нұрсұлтан Сәрсенғалиев студенттерді зертханада ұстанатын қауіпсіздік ережелерімен, отын сапасын талдаудың физикалық-химиялық әдістерімен, АРНС аспабында фракциялық құрамды анықтау, суды анықтайтын Дина-Старк әдісі, белсенді күкірт (РФА), ұшқыштық, тығыздық, кинематикалық тұтқырлық, моторлы октан саны, тұтанғыштық, сүзу коэффициенті, түсі және т.б. таныстырды.

«Мұнайгаз өңдеу өндірісін технологиялық-химиялық бақылау» пәні бойынша практикаға бағытталған сабақты өткізу техникалық мамандықтар студенттерінің мотор отындарын тиімді пайдалану теориясы мен практикасы бойынша білімдерін қалыптастыруға, өз бетінше тәжірибе жүргізуге, сыныпты анықтауға, мұнай өнімдерінің сапасын эксперименталды түрде бағалауға және олардың үлгісін пайдалануға ұсыныстар беруге ықпал етеді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу