Ресейлік университеттерде болды

«Ветеринария және агротехнология» институтының қос ғалымы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтіп келді.

Атап айтқанда, аталмыш халықаралық бағдарламаның «500 ғалым» жобасына қатысқан ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Мейрамгүл Мусина мен PhD доктор, доцент м.а. Зәмзәгүл Амангелдіқызы өздерінің ғылыми қоржындарын толықтырып қайтты.

Ғалым-ұстаз Мейрамгүл Қалдыбайқызы Ресей мемлекеттік аграрлық университеті – К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылық академиясында алты ай тағылымдамада болып, білімін жетілдірді.

Ал жас ғалым Зәмзәгүл Амангелдіқызы РФ-дағы С.М.Киров атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік орман техникалық университетінде «Ландшафттық сәулет объектісін құру: негіздері және қазіргі тенденциялар» тақырыбы бойынша үш ай ғылыми тағылымдамадан өтті.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу