Жәңгір хан университетінде «Девиантты мінез-құлық түрлері және оның психофизиологиялық механизмдері» атты психологиялық ағарту дәрісі өтті. Бірінші курс білім алушыларына арналған шарада психолог Орынғали Ерниязов аталған тақырыпта баяндама оқыды. Сонымен қатар нашақорлық, темекі шегу, алкогольді ішімдік және басқа да психотропты заттардың әсері, отбасылық мәселелер туралы сөз болып, жастармен кері байланыс орнатылды. Жеке пікірлер тыңдалып, сұрақтарға жауап берілді.
