Прокуратураның қызметімен таныстырды

Бүгін Жәңгір хан университетінің студенттері Батыс Қазақстан облысының прокуроры Жандос Өмірәлиевпен кездесті.

Шарада алдымен сөз алған  университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Мырзахметұлы Наметов жастарға кездесу қонағы Жандос Жәнібекұлын таныстырып, диалог алаңында қажетті ақпарат алуға шақырды.

Бұдан соң облыс прокуроры Ж. Өмірәлиев «ҚР мемлекеттік органдары жүйесіндегі прокуратураның рөлі мен орны» тақырыбында баяндама оқыды. Өз сөзінде прокурор еңбек жолынан мәлімет беріп, сонымен бірге прокуратура саласының атқаратын жұмысынан хабардар етті.

Кездесу барысында прокурор білім алушылардың сауалдарына жауап берді.

Сонымен қатар БҚО Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасының бастығы Жанат Нұрмағамбетова салада қолданылатын инновациялық технологияларға тоқталды.  Ал бүгінде прокуратура саласында қызмет атқарып жүрген БҚАТУ түлектері Артур Шоқпанов пен Татьяна Есенғалиева бұл мамандықтың қыр-сырына тоқталды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу