27 ақпан күні «Мал шаруашылығы және биоресурстар» жоғары мектебінің доцент м.а., PhD Айнұр Мәлікқызының ұйымдастырумен «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығының 3-курс студенттерімен Тасқала ауданына қарасты Атамекен елді мекеніндегі «Ақжайық» тәжірибелік-өндірістік шаруашылық практикаға бағытталған сабақ жүргізілді. Сабақ барысында А.Давлетова білім алушыларға шаруашылықта өсірілетін ақжайық етті-жүнді кроссбредті қой тұқымының ерекшеліктері, қойларды қысқы бағып-күту технологиясы, олардың жасын анықтау, гематологиясын зерттеу үшін қан алу үлгілері, қойды азықтандыру, азық дайындау технологиясы, қойларды таңбалау сияқты жұмыстармен таныстырды.