Польшада білімін жетілдіруде

Қазіргі уақытта Жәңгір хан университетінің аға оқытушысы, философия докторы (PhD) Мақсот Джангужиев Польша мемлекетінің Быдгощ қаласындағы Экономика университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде.

Мақсот Сүйінгерейұлы республикалық комиссияның шешімі бойынша «500 ғалым» жобасы аясында мемлекеттік грант иегері атанған болатын. Осы жылдың тамыз айында басталған тағылымдама 2024 жылдың ақпан айына дейін, яғни 6 айға созылады.          Ғылыми тағылымдама тақырыбы: «Мәдени мұраны ілгерілету мен сақтаудың, тарихты сақтаудың және Қазақстанның әлемдегі халықаралық қатынастарын дамытудың халықаралық жобалары».  

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу