Пайдасы мол семинар

Жәңгір хан университетінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (ҒҒТҚН) коммерцияландыру бойынша конкурстық құжаттаманы және конкурстың кезеңдерін түсіндіру бойынша семинар өтті.

«Технологияларды коммерцияландыру және бизнес-инкубациялау» кеңсесі ұйымдастырған іс-шараға Батыс Қазақстан облысының фермерлер қауымдастығының жиырмадан астам белсенді мүшелері, университет ғалымдары мен магистранттар қатысты.

Семинар барысында аталмыш кеңсенің жетекшісі Гүлшат Айешева қатысушыларды 2025-2027 жылдарға арналған ҒҒТҚН коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысудың негізгі қағидаларымен, БҚАТУ-дың инновацияларды қолдау жөніндегі қызметтерімен және зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландыру бойынша бизнеспен ынтымақтастықтың және жалпы ғылыми-технологиялық әріптестіктің ықтимал бағыттарымен таныстырды. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың нысандары мен тетіктері және бизнес пен ғылымға арналған инновациялық гранттардың түрлері туралы айтып берді.

Доцент, техника ғылымдарының кандидаты Марат Оңаев пен зертхана меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Еркінғали Батырғалиев гранттық қаржыландыру бойынша конкурсқа өтінімдерді дайындау бойынша өз тәжірибелерімен және коммерцияландыру жобаларының табысты нәтижелерімен бөлісті. Олардың пікірінше, бүгінде мемлекет ғылым мен бизнесті интеграциялау және отандық жоғары технологиялық әзірлемелерді өндіріске енгізу үшін жағдай жасауда елеулі қадамдар жасауда.

Университет басшылығы технологияларды коммерцияландыру мен бизнес-инкубацияны дамытуға баса назар аударады және әлеуетті бизнес-серіктестерді ғылыми-техникалық қызметке белсенді тартуды жоспарлайды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу