2 наурыз күні Жәңгір хан университетінің №4 Студенттер үйінде «RETRO PARTY» өтті.
Шараның басты мақсаты – студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану және достық қарым-қатынасты нығайту.
Аталмыш кешке «Интустриалды-технологиялық» және «Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы» институтының студенттері қатысты. Студенттер үйінің тұрғындары 80-90 жылдардың стилінде киініп, сол кездің әндерін шырқап, би биледі.