Жәңгір хан университетінің білім алушылары Сагир Джусупов пен Дамир Мұратқан республикалық конкурста жоғары деңгейде өз білімдерін көрсетті.
11–13 қараша аралығында Алматы және Астана қалаларында ҚР Банкттер ассоциациясы ұйымдастырған жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, финтех және қаржы секторы үшін цифрлық шешімдер саласындағы студенттік жұмыстар мен зерттеулердің республикалық конкурсының қорытынды кезеңдері өтті. Аталған шараға БҚАТУ-дан «Цифрлық экономика және тұрақты даму» институтының аға оқытушысы Лунара Диярованың жетекшілігімен Сагир Джусупов пен Дамир Мұратқан (4-курс, ИС-22-02 тобы) қатысып, өздерінің «Smart Savings – интеллектуалды автоматты жинақтау жүйесі» атты жобаларын ұсынды.
Астанадағы финалдық конкурсқа еліміздің жоғары оқу орындарынан қатысқан 22 команданың ішінде Жәңгір хан университетінің командасы ерекше көзге түсіп, «Отбасы банк» АҚ-ның 2026 жылға арналған тағылымдамасын жеңіп алды.
