Орталықтың тынысы кеңейді

Республика күні қарсаңында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде облыс әкімі Ғали Есқалиевтің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.

Өңір басшысы өз жұмысын кеңейтілген мүмкіндіктермен жалғастырып  жатқан «Жастар бастамасын дамыту орталығының» қызметімен танысып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Жеті қазына» жобасы аясындағы жас күйшілер байқауын тамашалады.

Алдымен облыс басшысы Ғ.Есқалиев пен университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов қосалқы ғимаратта жұмысын бастаған «Жастар бастамасын дамыту орталығының» лентасын қиып, салтанатты рәсімін жасады. Қонақтар өнерлі, талантты, дарынды студент-жастарды даярлайтын «Жастар бастамасын дамыту орталығының» тың бастамаларымен танысып, жаңадан ашылған «Жастар бөлмесін», «Дыбыс режиссері» мен «Ұлттық музыкалық аспаптар» және гримдеу бөлмелерін, ұлттық және заманауи би залдарын, «Мәдениет және өнер» студиясын, «Жәңгір хан» спорт клубын аралады.

Бұдан әрі облыс басшысы «Жеті қазына» жобасының «Ұлы дала ғажайыптары» бағыты бойынша өткізілген «Күй – тектілік тереңі» атты жас күйшілер байқауын тамашалады. Өз сөзінде Ғали Нәжімеденұлы университет қабырғасында жастар бастамасын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, оқытушылар мен білім алушыларды алдағы Республика күнімен құттықтады.

«Жеті қазына» жобасы аясындағы күйшілер байқауына бес институттың үміткерлері қатысып, жеке және топтық күй орындау шеберліктерін сынға салды. 

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу