10-11 қараша күні Федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орны «Орал мемлекеттік педагогикалық университеті» (РФ, Екатеринбург қ.) дарынды студенттерді анықтау, студенттердің танымдық және ғылыми қызметін белсендіру, ғылым мен білім беру үшін кадрлар құрамын нығайту, жоғары оқу орындары арасында байланыс орнату мақсатында ЖОО студенттері арасында халықаралық олимпиада өткізді.
Элементарлы информатика бойынша халықаралық олимпиадасына ТМД елдерінің әртүрлі жоғары оқу орындарынан 38 команда қатысып, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ командасы «Ақпараттық жүйелер және технологиялар» білім беру бағдарламасының білім алушылары, атап айтсақ Кустанова Мейрамгүл (ИС-12), Камелов Нұрлыбек (ИС-32), Темрешов Али (ИС-32) (ғылыми жетекшісі Абуова Жанаргуль Мукамбетжановна) 3-дәрежелі дипломға ие болды
Мақтанышпен, құрметпен жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Әрқашан өз мүмкіндіктеріңіздің, таланттарыңыздың, қабілеттеріңіздің, шеберліктеріңіздің шыңында болуларыңызға тілектеспіз.