Мұнай-газ саласына мән берілді

30 қараша күні «Мұнай, газ және химиялық инженерия» жоғары мектебінің ұйымдастыруымен техникалық бағытта  оқитын 1-курс білім алушылары арасында халықаралық инженер-мұнайшылар қауымдастығы (SPE) секциясының отырысы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – мұнай-газ  саласы бойынша студенттердің білім деңгейін арттыру, еңбек нарығында сұранысқа ие болу мүмкіндігімен қамтамасыз ету бағытында бағдар беру,  еліміздегі дүниежүзіне белгілі мұнай компанияларының ұйымдастыруымен өтетін Республикалық және Халықаралық деңгейдегі семинарлар, дәрістер, конференциялар, стартап жобалар мен жарыстарға қатыстыру және SPE құрамын жаңа мүшелерімен толықтыру.

Жоғары мектеп доценті және секция жетекшісі Бурханов Бақытжан Жамбылұлы білім алушыларға SPE мүшелерінің жетістіктерімен таныстырды.

Шара барысында секция құрамына қосылғысы келетін қатысушылар қауымдастық жетекшісіне сұрақтарын қойды.

Секцияның жаңа жетекшісі болып жас ғалым, PhD докторы Қыдрашов Адилжан Бекежанович тағайындалды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу