Мерейтой иесін құттықтады

Политехникалық институтта агроинженерия саласының көрнекті өкілі, қауымдастырылған профессор Амангелді Сәрсеновтің 60 жас мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиында мерейтой иесінің өмірбаянымен институт директорының орынбасары Бибігүл Сарбалина таныстырды. Бұдан әрі тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ақылбек Сұлтанов, институт директоры Жанна Құбашева мерейтой иесін құттықтап, ақжарма тілектерін жеткізді. Аға оқытушы Болат Бектасов өзінің жүрекжарды арнау өлеңін оқып, әсерлі сәт сыйлады. Сондай-ақ әріптестері Ғалым Өтепов, Жақсығали Азғалиев, Әбдібай Кашбаев, Әділ Ибраев және докторанты Арайлым Турешова мерейтой иесіне ізгі лебіздерін білдірді. Институт ұжымы ардақты әріптестерінің ғылым мен білім жолындағы елеулі еңбегіне жоғары бағасын берді.

Амангелді Сәрсенов – агроинженерия саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген, өндіріс пен ғылымды ұштастыра білген білікті ғалым, тәжірибелі ұстаз. Оның саналы ғұмыры – табанды еңбек пен ғылымға деген адалдықтың жарқын үлгісі.

📚 Loading…