«Мен – химик»

Индустриалды-технологиялық институтында  17 наурыз күні орыстың әйгілі химик-ғалымы М.В. Ломоносовтың 310 жылдығына арналған «Мен – ХИМИК» атты зияткерлік ойын өткізілді.  

Зияткерлік ойынды «Мұнай, газ және химиялық инженерия» жоғары мектебінің оқытушылары С.С.Сатаева, А.Б.Ниязбекова, Д.С.Назарова, Т.А.Шакиров, У.С.Каракулова, А.Бейімбетова, А.Каиргазиева ұйымдастырды. Шараға Орал қаласының №10, №20, №41, №50 жалпы орта білім беретін мектептерінің 9-11-сынып оқушылары қатысты. Шара басталмас бұрын жүргізушілер химик-ғалым М.В.Ломоносов туралы қысқаша мәлімет берді. Сайыс 3 кезеңнен: «Викторина», «Капитандар конкурсы», «Химиялық дода» тұрады. Сайысқа қатысушыларға ХТ-21 тобының білім алушылары демонстрациялық тәжірибелерді ұсынды.

Шара соңында жоғары мектеп жетекшісі Б.Е.Хамзина жеңімпаздарды алғыс хат, грамота мен дипломмен марапаттады. Оқушыларға жоғары мектеп зертханаларына экскурсия жүргізілді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу