Мемлекеттік қызметтерге орналасу мүмкіндіктерін түсіндірді

23 ақпан күні университетте «Мансап және бизнес-серіктестік» орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік тапсырыс негізінде оқитын бітіруші курс білім алушыларымен ауылдық жерлерге мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасуға қатысты кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – болашақ түлектердің ауылдарға мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін түсіндіру, осы бағыттағы өзгерістермен таныстыру.

Алғашқы болып сөз алған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Масимова Венера Нарахметқызы агенттіктің  мемлекеттік қызмет туралы заңға еңгізілген түзетулерімен таныстырды. Осы өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік грантпен оқу орындарын аяқтаған үздік түлектер аудан орталықтары мен ауылдарда бос лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындалатынын атап өтті.

Университет ректоры Наметов Асқар Мырзахметұлы өз сөзінде жоғарыда аталған оң өзгерістердің білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыруға, жас мамандардың аудан мен ауылдық аймақтарға оралуына, сонымен қатар өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға септігін тигізетіндігін айтып, өз тарапынан мемлекеттік қызметке орналасамын деген білім алушыларға қолдау көрсететінін білдірді.

Мансап және бизнес-серіктестік орталығының директоры Сұлтанова Замзагүл Хамитқызы үміткерлерге қойылатын талаптармен таныстырып, осы бағытта орталықтың студенттермен бірігіп атқаратын жұмыстарына тоқталып өтті.

Кездесу соңында білім алушылар тарапынан қойылған көптеген сұрақтарға, спикерлер барынша толық жауап беруге тырысты.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу