Мемлекеттік білім грантын еңбекпен өтеу керек

Жәңгір хан университетінде мемлекеттік білім грантын өтеу мәселелеріне арналған ақпараттық кездесулер өткізілуде. Шара барысында білім алушыларға грантты өтеу талаптары, жұмысқа орналасу тәртібі, міндеттемелерді орындау және тиісті құжаттарды рәсімдеу жөнінде толық мағлұмат беріледі. Кездесудің басты мақсаты — түлектердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, сондай-ақ грантты өтеу процесінде туындауы мүмкін сауалдарға жауап беру. Студенттер кездесулерге белсене қатысып, мамандардан өз сұрақтарына нақты жауаптар алуда.

Осы жылдың 15 қазанында басталған жоспарлы кездесулер айдың соңында өз мәресіне жетеді.

📚 Loading…