15 наурыз күні «Экономика және аудит» жоғары мектебіндегі «Бизнес мектебінің» жетекші маманы, доцент Берік Мерғалиұлы Хусаинов қаладағы №20 ЖОББ мектебінде болды.
Жәңгір хан университеті мен аталмыш мектеп директоры Н.К.Өтеғалиеваның алдын ала келісімі аясында «Бизнес және кәсіпкерлік» пәні бойынша 11 «в»-сынып оқушыларына арналған «Кәсіпорын құру» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақ барысында Берік Мерғалиұлы оқушыларға тиімді бизнес жүргізу әдістемесін және кәсіпорын құру үшін өндірістің негізгі факторларын түсіндірді.
Еске сала кетсек, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ басшылығы мен оқытушылары жыл сайын мектеп түлектерін болашақ мамандығын дұрыс таңдауға тарту мақсатында көпжоспарлы және тиімді іс-шаралар өткізіп келеді.