«Media club» — жеңімпаз

Жәңгір хан университетінде «Жастар бастамасын дамыту орталығының және «Индустриалды-технологиялық» институтының студенттік өзін-өзі басқару ұйымының  ұйымдастыруымен «ӨЗІҢНЕН БАСТА» атты квест ойыны өтті.

Шараға университет институттарынан, студенттер үйі тұрғындарынан және ұйымдардан құралған 7 команда қатысып, өздерінің шығармашылық шеберліктерін танытты.

Түрлі образдарда киінген қатысушылар интеллектуалды және интуитивті ойлау қабілеттері арқылы сынға түсті.

Ойын нәтижесі бойынша 1-орынды «Мedia club» командасы, 2-орынды «Агротехнология» институтының командасы, 3-орынды «Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру» институтының командасы иеленді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

📚 Loading…