Жәңгір хан университетінің «Ветеринария және агротехнология» институтында «Өсімдіктерді қорғау» және «Топырақтану» пәндерінен мәселелік дәрістер өтті.
Дәрістер «6В08100 – Агрономия» БББ 2 және 4 курс студенттеріне PhD, доцент м.а. Ләйлә Қалиева мен магистр, аға оқытушы Меңдігүл Қуаналиеваның жетекшілігімен өткізілді. Студенттер «Назар Агро Трейд» компаниясының БҚО бойынша аймақтық директоры Артур Жиенғалиев жүргізген «Ауыл шаруашылық дақылдардың зиянды ағзаларымен өсімдік қорғау шаралары» және «Батыс Қазақстанның құрғақшылық климаты жағдайындағы қара қоңыр топырағы құнарлылығының проблемалары және оларды арттыру жолдары» тақырыптары бойынша дәрістерді тыңдады. Білім алушылар БҚО жағдайында ауыл шаруашылығы дақылдары зиянды ағзаларының зияндылығы мен таралу ерекшеліктері және өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғау әдістері туралы және топырақ құнарлылығын арттырудың ең тиімді тәсілі жайлы толық ақпарат алды. Сонымен қатар компанияның айналысатын құрылғыларымен танысып, оларды жұмыста қалай қолданатынын бейне көріністерден көрді. Мәселелік дәріс соңында болашақ мамандар өздерін кызықтырып жүрген сұрақтарын ашық қойып, өз мамандықтарына қызығушылық танытты.

