Мария жазғы Олимпиада ойындарына қатысады

Жәңгір хан университетінің 2-курс студенті, байдарка және каноэ есу шебері Мария Бровкова биыл төртжылдықтың басты дүбірлі додасы – Париж Олимпиадасында Қазақстан құрамасымен бірге өз бағын сынайтын болады. Әзірге Мария – Батыс Қазақстан облысы бойынша жазғы Олимпиадаға жолдама алған жалғыз спортшы.

Әлем және Азия ойындарының чемпионы Мария Бровкова қазіргі уақытта Польша елінде Олимпиадаға дайындалу үстінде. Еске сала кетсек, Франция астанасы Парижде ХХХІІІ жазғы Олимпиада алауы 26 шілдеде тұтанады.

Ендеше, университеттің ғана емес, облыстың мерейін асқақтатып, спорт аламанында ел намысын қорғайтын Марияға жеңіс тілейміз! 

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу