Мамандық бойынша практикалық дағдыларды игерді

«Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары» жоғары мектебі Ақтөбе қаласында орналасқан АШК «Айбек» ынтымақтастықты жолға қойды.

АШК «Айбек» барлық мал түрлерінің етін сою, сақтау және қайта өңдеу, одан әрі жоғары сапалы шұжық және табиғи консерві өнімдерін дайындау бойынша кластерлік циклы аяқталған өңірдегі жалғыз ет комбинаты. Ет комбинатының аумағында өндірістің үш цехы (ет сою және қайта өңдеу цехы, шұжық цехы және ет бұқтырылған консервілерді дайындау желісі) және ет өнімдерін сататын дүкен жұмыс істейді.

Білім алушылар шикізаттан бастап дайын өнімге дейінгі өндіріс процесімен толық танысып, болашақ мамандығы бойынша практикалық дағдылар алды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу