Мал шаруашылығындағы ғылым және практика

Бүгін университет ғалымдары «Шамшырақ» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жағдайында тәжірибеге бағытталған сабақтар өткізді.

«Ғылым айлығы» аясындағы «Мал шаруашылығындағы ғылым және практика» тақырыбы бойынша тәжірибеге бағытталған сабақтарды «Ветеринария және биоқауіпсіздік» жоғары мектебінің профессоры, ветеринария ғылымдарының докторы Ғайса Ғарапұлы Абсатиров пен «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» жоғары мектебінің жетекшісі, PhD Дархан Бакытбекұлы Смағұлов жүргізді. Білім алушылар шаруашылық жағдайында ауыл шаруашылығы малдарын бруцеллез дертіне тексерудің экспресс әдістерінен, қойларды төлдету және төл өсіру барысынан хабардар болды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу