«Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары» жоғары мектебі ПБ-31,ППП-31 тобының қыркүйек айындағы кезекті практикалық сабағы «Пойма май комбинаты» ЖШС-да өткізілді.
Атап айтқанда, студенттердің тәжірибе алуына негізделген сабақ «Автоматты құралдар және процесті басқару» пәнінен «Автоматтандыру нысандары және олардың негізгі қасиеттері» тақырыбы аясында ұйымдастырылды. Тәжірибелік сабақты «Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары» жоғары мектебінің аға оқытушысы, PhD доктор Ж.Асанғалиева мен оқытушы, магистр А.Жұмағалиева өткізді.