Бүгін Жәңгір хан университетінде 2024–2025 оқу жылының магистратура түлектеріне диплом табыстау салтанаты өтті.
Салтанатты шарада университеттің ғылым жөніндегі проректоры Әлжан Шәмшідін, институт директорлары Гүлхан Губайдуллина мен Айжан Ибыжанова, ғалым-ұстаз Ермек Айталиев құттықтау сөз сөйледі. Ғалымдар магистратура бітірушілерге сәттілік тілеп, ғылым жолындағы ізденістерін жалғастыруға шақырды. Түлектер атынан сөз алған Аяулым Бексұлтан өздеріне бағыт-бағдар берген, білім мен ғылым жолындағы қадамдарын жетілдірген университет басшылығына, ғылыми жетекшілерге және ата-аналарға алғысын жеткізді.
Биыл Жәңгір хан университетін магистратура деңгейі бойынша 82 түлек тәмамдап, техника, ауыл шаруашылығы, ветеринария, жаратылыстану ғылымдары бойынша білім беру бағдарламаларын меңгеріп, «магистр» академиялық дәрежесін иеленді.

