Бүгін халықаралық ынтымақтастық бөлімінде академиялық оралымдылық бағдарламасы бойынша оқуға студенттерді іріктеу жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Оның құрамына ағылшын тілі бойынша мұғалім ассистенті, Фулбрайт бағдарламасының стипендиаты Джошуа Боуэн, халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы, э.ғ.к. Замзагүл Сұлтанова, жетекші маман, а.ш.ғ.м. Бақытгүл Алижанова және жетекші сарапшы, г.ғ.м Индира Әбдіқадыр болды. Іріктеуде «Жерге орналастыру», «Құрылыс инженериясы», «Стандарттау, сертификаттау және метрология», «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламалары бойынша 6 студент қатысты. Іріктеу барысында Ғайни Ақжол (ЗУ-13 тобы) мен Амангелдиев Ануар (ИС-24 тобы) академиялық оралымдылық бағдарламасы бойынша Лодзь университетіне (Польша) оқуға ұсынылды.