Қысқы спартакиада басталды

Жәңгір хан университетінде дәстүрлі «Денсаулық-2026» қысқы спартакиадасы басталды.

Жыл сайын «Сұңқар» спорт клубы ұйымдастыратын спорт мерекесіне университет оқытушылары мен қызметкерлерінен құралған командалар қатысады.

Шараның ашылу салтанатында жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеген тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ақылбек Сұлтанов бұл іс-шараның мақсаты университет қызметкерлері арасында бұқаралық спортты дамытуға және әріптестердің достық қарым-қатынасын нығайтуға бағытталғанын жеткізді. Ал «Сұңқар» спорт клубының директоры Рауан Тұрдалиев спартакиданы жоғары жетістіктермен өткізетін оқытушылардың қысқы демалыстан келетін білім алушыларды жақсы әсермен қарсылайтынына сенім білдірді. Салтанатты шара барысында «Қарақат» мектеп студиясының кішкентай бишілері өнер көрсетіп, командаларға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Қысқы спартакиадаға алты құрама команда қатысып, спорттың 15 түрі бойынша өзара сайысуда.

📚 Loading…